11 нау, 2020 сағат 21:34

Бекзат Нұрдәулетов Амманда алтын алды

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Бекзат Нұрдәулетов қазақ боксшылары арасынан алғашқы «алтынды» жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

81 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз Бекзат Азия-Тынық мұхиты аймағынан Олимпиадаға іріктеу турнирінің чемпионы атанды. 

Ол финалда аустралиялық боксшы Пауло Аокусомен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер қазақ боксшысын бірауыздан жеңімпаз деп тапты. Есеп - 5:0.

Осылайша, Бекзат қазақстандық боксшылар арасынан олимпиадалық іріктеу турнирінде бірінші болып топ жарды. 

Бұған дейін финалға шыққан екі боксшымыз - Зәкір Сафиуллин мен Әбілхан Аманқұл «күмісті» қанағат тұтқан еді.