13 нау, 2017 сағат 18:05

Базарәлі Әріпұлы: "Қызай ана" қоғамдық қорының мақсаты биік


Қазақстанда құрылған қорлардың түрі де көп, саны да көп. Бірақ сол қорлардың қоғамда атқарып жатқан жұмыстары көпке белгісіз. Біз құрылғанына көп болмаған «Қызайана» қоғамдық қорының атқарушы директоры Базарәлі Әріпұлымен кездесіп, аз-кем аңгімелесіп, қор жұмысымен танысып қайтқан едік.

– Базарәлі Әріпұлы, алдымен «Қызай ана» қоғамдық қоры туралы қысқаша мәлімет бере кетсеңіз?

– Қызай ана – қазақтың қасиетті аналарының бірі, Бәйдібек би мен Домалақ анадан туған, ақыл-парасатымен, ісмерлігімен, тылсым қасиетімен аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ал оның ұрпағынан тараған жұрт оның атымен «Қызай елі» деп аталып кеткен бір әулеттің жан-саны қазір миллионға жақындап қалды. Олардың басым көпшілігі Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысының Іле аймағында тұрады. Тәуелсіздіктен бері Қызай ұрпақтарынан атажұртқа қоныс аударғандары да біршама, олар қоғамның әрсаласында еңбек етіп, өсіп-өніп жатыр.

Ал «Қызай ана» қорының құрылуына келсек, 2011 жылы ақын Әбдіғани Пәзілханұлы Талғар ауданы Нұра ауылдық округі мәдениет үйінің басшысы болып тұрған кезінде жасаған ұсынысы бойынша Талғар ауданы Өстемір ауылында өзгертуге тиісті бір көшесінің атын Қызай ананың атына берді. Қызай ұрпақтары 2011 жылдың 16 қазанында сол көшенің бойында Қызай анаға арнап ас беріп, «Қызай анан қоғамдық қорын құру» туралы шешім қабылдаған болатын. Мақсат – Қызай ананың кемеңгерлігін насихаттау, Қызай ана қалыптастырған қолөнер үлгісін жаңғырту, Қызай ана ұрпақтарынан шыққан ұлттық деңгейге көтерілген тұлғаларды елге таныстыру, жас ұрпақты білім алуға, ғылым игеруге ынталандыру, сондай-ақ, Өстемір ауылының әлеуметтік мәдени дамуына үлес қосу. Міне, осы мақсатта Қор құрылған болатын. Демек, «Қызай ана» қоғамдық қорының алғақ ойған мақсаты биік деуге болады.

– Бұған дейін қандай шаралар өткіздіңіздер?

– Қор құрылған 2012 жылдан бері әр жылы 23 наурыз күні Талғар ауданы Өстемір ауылындағы Қызай ана көшесінің бойында ауыл тұрғындарын аарнап кең көлемде Наурыз мерекесін өткізіп келеміз. Наурыз мерекесінде концерттік және спорттық іс-шар өткізіледі. Елге оралған және жергілікті өнер жұлдыздары халыққа ән мен күйден шәшу шашады; жыл сайын аудан бойынша мектеп оқушылары арасында қазақ күресінен жарыс өткізіледі; мектепте және жоғары оқу орындарындағы оқуда үздік, әртүрлі жарыстарда жүлде алған, отбасында қиыншылығы бар студенттерге бір жолғы стипендия тағайындап келеміз. Мұнда атапа йтуға тиісті жай: Наурыз мерекесін және спорттық жарыс жүлдегерлерге берілетін сыйлықтарды Қызай ана ұрпақтарынан шыққан кәсіпкер азаматтар өзідері қаржыландырады. Және олар мерекелік шара барысында Өстемір мектеп оқушыларына қалам-қарындаш, дәптер, киім-кешек тарту етіп, оқуы жақсы, отбасында қиыншылығы бар оқушыларға ақшалай сыйақы таратып, оларды білім алуға ынталандырып келеді.

Мысалы Қорымыздың құрылтайшысы Омарәлі Әділбекұлы ұлыстың ұлы күнінде Өстемір ауылындағы әлеуметтік жағдайы төмен, сабақта үздік 5 оқушыға биыл үшінші жыл отыз мың теңгеден арнайы стипендия тағайындап келеді. Бұл игі істер дәстүрге айналуда.

Өткен жылғы наурыз мерекесі нөткізуді өз мойнына алған Қор құрлытайшысының бірі СәуленТоққазыұлының бастамасымен алғаш рет «Алашқа аты мәлім – Қызай ана» атты жас ақындар арасында жыр мүшәйрасын өткізіп, үш жеңімпазға сыйлық берілді. Ал биылғы Наурыз мерекесін өткізуші кәсіпкер Сабыржан Мұқаметханұлы Алаш Орданың 100 жылдығына орай «Айбынды Алашым» атты жыр мүшәйрасын ұйымдастырып отыр. Демек, біздің Өстемірдегі Наурыз мерекеміз мемлекеттік іс-шаралармен үндеседі.

2013 жылы «Қызай ана» қорының қаржыландыруымен ұлттық деңгейге көтерілген алашшыл ұлы күрескер ақын Таңжарық Жолдыұлының 110 жылдығына орай режиссер Әсемғазы Қапанұлы түсірген «Таңжарық» атты екі бөлімді деректі фильм түсіріп, ақпарат құралдары арқылы елге кең таратылды.

– Иә, мүшәйраның шарттарын «Әдебиет» порталынан оқыдық. Жалпы, қазіргі кезде айтулы тарихи даталарды қоғамдық ұйымдар алдымен атап өтуде. Бұның сыры неде деп ойлайсыз?

– Еліміздің мемлекеттік тарихи даталарын белсенді азаматтар, бұқаралық ұйымдар өз еріктерімен өткізіп жатса, бұл қуанарлық жағдай, бұл азаматтарымыздың ұлтқа деген жауапкершілігінің артқанын көрсетеді. Жалп ыұлттың тойы көпке ортақ шаруа деп білемін. Әр азаматтың шама-шарқына қарай атсалысуы – азаматтық борышы. Кешегі хандарымыз, қолдарынан қару түспей, елін, жерін қорғаған қас батырларымыз болмаса, Алаштың ұлт тағдыры үшін күрескен арыстары болмаса, бүгінгі біздің азат мемлекетіміздің болуы қиын еді. Сондықтан өткенімізді еске алып, тарихи тәжірибелерден сабақ алуа рқылы болашаққа сенім байлай аламыз, азаттығымызды сақтай аламыз. Сол үшін де тарихи даталарға арналған шаралардың, мүшәйралардың көп болғаны халықтың жадысын жаңғыртуға пайдалы. Ендеше, осындай шараларды өтікізіп жатқан азаматтарға тек рахмет айтқанымыз жөн.

Ал біздің өткізгелі отырған мүшәйраға «Әдебиет порталы» ақпараттық қолдау көрсетті. Осы орайда «Әдебиет порталындағы» азаматтарға да Қор атынан алғыс айтамын.


– Қордың Наурыз мерекесін ауылда өткізу себебін ашып айта кетсеңіз!

– Бүгінгі күні ауылдардың жағдайын сіздер жақсы білесіздер. Ауылдың жағдайы жақсармай қазақтың жағдайы оңалмайды. Қызай анаға Өстемір ауылынан көше берілгендіктен, алдымен сол ауылдың тұрғындарына мерекелік қуаныш сыйласақ, ауыл тұрғындары мен бала-шағаларын бір қуанышқа бөлеудің өзі неге тұрады? Сонымен қатар сол ауылдағы мектепке, мектеп оқушыларына жоғарыда айтылғандай көмек көрсетіледі. Одан тыс 2012 жылы 3.5 миллион теңге жұмсап Өстемір ауылындағы Қызай ана көшесін қайта жөндеуден өткіздік. 2015 жылы көшенің шырақтарын қайта жарықтандырдық. «Сый қылсаң – сыпыра қыл» дегендей, болашақта Өстемір ауылына біраз көмек жасау ойымызда бар. Келешекте Қызай ана атында саябақ жасап, «Қызай ана» мұражайын құрсақ деген жоспарымыз бар. Бұл ауыл халқының әлеуметтік мәдени тұрмысының жақсаруына игі ықпал ететін болады. Егер әрбір қоғамдық ұйымдар, белгілі кәсіпкер азаматтар ауылға, ауылх алқына көзқырын сала жүрсе, көмек қолын соза жүрсе, ауыл жағдайы тезірек көтерілер еді.

– «Қызай ана» қорының қаржысы қайдан келеді?

– Қорымыздың заңды құрылтайшысы – 19 адам. Қор атынан өткен іс-шараларға осы 19 адам және басқа да белсенді азаматтар өз еріктерімен қорға жарналарын қосады. Қазіргі құрылтайшылардан бастап еріктілерге дейін Қор үшін қандай жарна беру өз еркінде. Ешкімге «салық» салынбайды. Қандай шара ұйымдастырсақ та азаматтар өз еркімен көмектеседі. Тағы бір айта кететінім, Өстемір ауылында өтетін наурызды «Қызай ана» қоры ұйымдастырғанымен, барлық қаржылық шығынды жекелеген азаматтарымыз шығарады. Осы шара барысында көпшілік берген қаражат Қорға тапсырылады. Осы орайда қорымызды қолдап, қуаттаған барлық азаматтарға рахметімді айтамын. Қор құрылғалы да 5 жылдан асты. Қатарымыз көбейіп келеді. Жастарымыздың белсенділігі жоғары. Жастарменж ұмыс бөлімі құрылып, екі азамат жауапты ретінде бекітілді. Алдағы уақытта сол азаматтармен бірге Қор жұмысын жандандыратын боламыз.

– «Қызай ана» қоғамдық қорының тағы қандай жоспары бар?

-Жоғарыда айтқаннанб өлек, қаржылық жағдай жар беріп жатса, Қызай анна туралы деректі фильм түсіру, Ұлт біртұтастығы тақырыбында конференциялар өткізу ойымызда бар.

– Уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет! Істеріңіз жемісті болсын!

Сұхбаттасқан Бек ҚАПТАҒАЙ

Ұлт порталы