10 шіл, 2018 сағат 10:21

Байқоңырдан ұшқан зымыранның жарығы алматылықтарды таңғалдырды (Видео)

Алматы тұрғындарын түнгі аспандағы зымыран іздері таңғалдырды. Тұрғындар желіге түнгі аспанда түсірілген ерекше суреттерді желілерде жариялап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Белгілі болғандай, 10 шілде күні түнгі жергілікті уақытпен 03:51-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-09» жүк кемесі «Союз-2.1а» ракетасымен ұшты. 

Роскосмостың Фейсбуктегі парақшасында зымыранның ұшу процесінің суреті мен видеосы жарияланған.

«Жүк кемесі 3 сағат 40 минутта Халықаралық ғарыш стансасымен түйісті.  «Прогресс МС-09»  халықаралық ғарыш стансасына 2 тоннаға жуық жүк, оның ішінде отын, сығылған газ, «Орлан-МКС» скафандрын, ғылыми жұмыстарға арналған құралдар, медициналық дәрмектер  жеткізді», - делінген парақшада.