17 там, 2017 сағат 09:15

Байқоңырдан әскери спутнигі бар «Протон-М» зымыраны ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан бейсенбі күні әскери мақсаттағы ғарыш құрылғысы бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп жазады ТАСС. 

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ресейдің қорғаныс министрлігінің ғарыш құрылғысы бар күрделі сыныптағы «Протон-М» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды», - деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі.

Зымыранды ұшыруды Ғарыш әскерінің қолбасшысы - әуе-ғарыш күштері бас қолбасшысының орынбасары, генерал-полковник Александр Головко өз басшылығына алды.

«Протон-М» зымыран-тасығышын ұшырудан алдыңғы және оны ұшыру операциялары штаттық режимде өтті», - деп мәлім етті РФ Қорғаныс министрлігі.

Бақылау Әуе-ғарыш күштері Ғарыш әскері Г. С. Титов атындағы басты сынақтан өткізу ғарыш орталығының жердегі құралдарымен жүргізілді.