11 қаз, 2018 сағат 14:40

Байқоңырдағы зымыран апаты (Видео)

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымыранның видеосы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Зымыранды ұшыру оқиғасына куәгерлер ғарыш кемесінің Байқоңырдан сәтті ұшырылғанын және зымыран тасығыштың бірінші сатысының ажырағанын көрген. Бірақ олар апаттық құтқару жүйесінің (АҚЖ) қалай жұмыс істегенін көре алмайтын еді. Жерге қондыратын аппарат жеке бөлініп, парашютпен жерге түседі.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Байқоңындағы апаттық оқиға туралы хабарлаған болатынбыз.

2018 жылғы 11 қазан күні 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылған болатын. Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» жеткізді.