09 қыр, 2016 сағат 14:17

Байбектің жалақысы қанша?

Алматы әкімі Бауыржан Байбек журналистерге қанша жалақы алатынын айтты. Қала басшысының еңбекақысы 600 мың теңге шамасында екен, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

«Айына 600 мың теңге шамасында аламын. Еңбек өтіліне қарай жалақыны үкімет бекітеді. Бұл құпия емес», - деді Алматы әкімі журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Бұған дейін өз жалақысын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жариялаған болатын. Өңір басшысының еңбекақысы 863 мың теңгені құрайды. Оның орынбасарларының жалақысы да белгілі болды: Ғали Ысқалиев 461 мың теңге, Жаңабай Бексары 503 мың теңге, Асқар Биахметов 507 мың теңге, Асқар Шериязданов 511 мың теңге, Мұхтар Жұмағазиев 518 мың теңге еңбекақы алады екен. 

Ұлт порталы