10 там, 2018 сағат 15:04

Баян Алагөзова мен Талғат Теменов "Махаббат станциясы" фильмі үшін дауласып жатыр

Продюсер Баян Алагөзова мен режиссер Талғат Теменовтің арасында "Махаббат станция" фильмі үшін дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1993 жылы шыққан "Махаббат станциясы" атты фильмнің режиссері мен сценарисі Талғат Теменов өз кезегінде картинаның жалғасын түсіруге рұқсатын бермегенін айтты. Теменовтің мәлімдеуінше, продюсер Баян Алагөзова оның авторлық құқығын жаңа фильмді "Махаббат станция" деп қоюымен бұзған. 

"Менің рұқсатымсыз Баян Алагөзова өзінің фильмін түсіруді жалғасытырып жатыр. Менің бұл фильмнің режиссері мен сценарисі болғанымды ұмытқандай. Қолым тиген соң телефонымды көмекшіме бердім. Болды. Заңгерлер авторлық құқыққа байланысты келісім жүргізіп жатыр. Бірақ менің заңгерлерім әлі кездескен жоқ. Баянның фильм түсіруге еш қақысы жоқ және менің өнеріме қол суғуға ешкім рұқсат бермеді", - деп мәлімдеді Талғат Теменов. 

Өз кезегінде Баян Алагөзова Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Талғат Теменовке жауабын жариялаған. Ол фильмді түсіруге ҚР Мәдениет министрлігінен рұқсат алып, рұқсат берілгені айтылған құжаттың суретін салып қойды. 

"Құрметті Талғат Досымғалиұлы, сіз мені халықтың көзінше ұрлық жасады деп айып тағып, жолдау жасаған екенсіз, оныңызға жауапты бермеуден басқа амалым қалмады. Біріншіден, сіз маған 25 жыл бұрын фильмнің сценарий авторы ретінде құқық бергенсіз. "Махаббат станциясы" фильмі мемлекеттік қаржыландырудан шығып, сіз өзіңіздің гонорарыңызды алғансыз. Енді сізде фильмге деген ешқандай шағым болмауы керек, себебі туынды ҚР Мәдениет министрінің меншігі болып саналады. Сізге одан да түсінікті болуы үшін "Махаббат станциясы" фильмінің сценариі де басқаша, желісі де қайталанбайтынын айтып өтейін. Мен туындыны атын өзгертіп жариялауға толықтай құқылымын. Енді жұрттың көзінше алдын ала мәлімдемес бұрын абай болыңыз, әйтпесе тиісті органдарға шағымданамын", - деп жазды Баян Алагөзова. 

"Ресми түрде мен барлық рұқсат құжатын алдым. Сонымен қатар, музыка авторы Төлеген Мұхамеджановтың да рұқсаты бар", - деп қосты продюсер.