#
#
Бейсенбі 18/10/2018

Баян Алагөзова: Мені киномен айналысатындар ғана түсінеді

  • 08.01.2018
  • 0
  • 1563

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" телехикаясына қатысты айтылған сынға жауап берді. Дәлірек айтқанда, ол ашуға булыға жазған постын (Instagram парақшасында) тарихи киноны түсіруге жұмсалған қаражатты қайтаруды талап еткен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаеваға арнаған.

Алагөзова жазғандай, телехикаяны түсіру үшін компанияға 54 миллион теңге бөлініпті, яғни әр бөлім үшін 9 миллион теңгеден. Оның 22 пайызы салыққа кетсе, әр бөлімге 7 миллион теңгеден ғана қалған, демек 21 мың доллар.

"Мені киномен айналысатындар ғана түсінеді, 21 мың доллар ақшаға тарихи телехикаяны қалай түсіресің?" — деп жазды продюсер.

Ол түсірілімге өз қалтасынан 13 миллион теңге қосқанын жасырмады және ол үшін өкінбейтінін де айтты.

Алагөзова актерлердің қазақ тілінде акцентпен сөйлеп, жалпы тарихи оқиғаның заманауи үлгіде ұсынылғанын айтқан әлеуметтік желі қолданушыларына да жауап берді.

"Маған бірнәрсе қызық, Facebook-тегі ақылгөйлер көне ғасырда қазақтардың қалай сөйлегенін қайдан біледі? Соңғы деректерге сүйенсек, жыр біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда болған. Бәрің сәуегейсіңдер ме? Жоқ, шығармашылық көзқарастан ада, көптігімен ғана алатын қарапайым адамсыңдар", — деді ол.

Алагөзова белгілі әнші, актриса Меруерт Түсіпбаеваға ойындағысының бәрін айтып салды. Баян Алагөзованың сөзіне сүйенсек, Меруерт Түсіпбаева аталмыш сериал түсірілмес бұрын сериалдың кастинг директорына бірнеше рет хабарласып, Баян сұлудың анасын сомдағысы келетінін айтқан екен. Сондай-ақ жаңа жылдық бағдарламаның түсіріліміне қатысқысы келген әнші барлығынан шеттетіліп қалыпты. Продюсер өз кезегінде әншіден "кешірім" сұрап, жақсы ән жазуға кеңес берді.

Сондай-ақ Баян Мақсатқызы сериалды түсіруге тер төккендердің еңбегін бағаламағандарға ашынып, өзін қолдайтын жандарды желіден іздеді.

"Сериалды эфирден алып тастасын деп, 217 адамның қолын жинапты. Қалайша оған тер төккен жүздеген адамның еңбегін оп-оңай жоққа шығаруға болады? Мен енді оған қолдау білдіретін адамдарды жинайын. Құрметті достар, киноға көзқарасыңыз оң болса, "қолдаймын" деп пікір қалдырып, аты-жөндеріңізді жариялауды өтінемін", - деп жазды ол.

Ұлт порталы

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар