14 нау, 2017 сағат 22:16

Бауыржан Қарағызұлы. "Сағадиев реформасына жауап..."

"Министр Ерлан Сағадиевтің реформасына не дейсіз? Қысқаша жауап берсеңіз..."

журналист сұрағына жауап:

Не демекпін?! Білмеймін, не дерімді?!
Сенбесімді білмеймін, сенерімді?!
Тілім менің - жұлыным, ұғасың ба?!
Ата Тілде несі бар?! Не көрінді?!

Мың түрленіп, күн сайын мың құбылып,
жіберді ғой мынауың жынды қылып!
Есі түзу деген де есеңгіреп,
өліп кетсе, таң қалман, құлдық ұрып!

Анаған да, еліктеп, мынаған да,
жөнді жауап бермейді сұрағанға.
Елге қарсы шенеунік - маған қарсы,
Мен не деймін, қарағым, құл адамға?!

Ақынның фэйсбуктағы жазбасынан