17 қаң, 2020 сағат 14:59

Бауыржан Исламхан «Зенитке» ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Санкт-Петербургтің «Зенит» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл ақпаратты «Зенит» футбол клубының бас директоры Александр Медведев растады. Ол ресейлік ақпарат порталына Қазақстан құрамасы капитанының Катардағы оқу-жаттығу жиындарында жүргенін айтқан. Енді «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубта қаралымнан өтеді.

Бауыржан Исламханның «Қайратпен» келісім-шарты өткен маусымның соңында аяқталған. Айта кетейік, ол 2015-2017 жылдары Қазақстанның үздік жартылай қорғаушысы, 2014 және 2016 жылы Қазақстанның үздік футболшысы атанған.