25 мау, 2019 сағат 11:46

Бауыржан Байбек: Арыстағы оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Арыста болған жарылысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Арыстағы қайғылы оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Барлық алматылықтардың атынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Қала басшысы Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шүкеевпен сөйлескенін айтты.

«Негізгі проблемаларды талқыладық. Көбіне үйлердің терезесі сынып, қасбеттер бұзылған, шатырлар опырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірқатар шара қабылдадық. Қаланың кәсіпкерлері де үн қосты. Қазір қажетті құрылыс материалдары жиналып жатыр. (шатыр, штукатурка қоспасы, эмульсия, пиломатериал, терезе, есік, құрылыс заттары жинастырылуда», - деді ол.