16 там, 2018 сағат 09:29

Батыс Қазақстанда Азамат соғысы кезіндегі жауынгерлердің сүйегі табылды

Археологтар Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында Азамат соғысы кезінде қаза тапқан үш адамның сүйегін тапты, деп жазады Sputniknews жергілікті "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қаңқалар окоптың ішінде болған, біреуінің жанынан крест табылды. Үш жауынгерді 15 тамызда христиан ғұрпына сай жерлеген.

Жерлеу рәсімі кезінде аза тұту митингісі өтті.

Окоптан оқ-дәріге арналған сөмке, оқ-дәрі және гильзалар, сонымен бірге әскери гимнастерканың қалдықтары, бәкі, керзі етік табылыпты.

Азамат соғысы бұрынғы Ресей империясының аумағында Қазан төңкерісі мен билік басына большевиктер келген соң басталды.