#
#
Бейсенбі 22/08/2019

Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді (Видео)

  • 18.05.2019
  • 0
  • 1560

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен (13-6, 6КО) жекпе-жекке шығып, жеңісе жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Жартылай орта салмақтағы 10 раундтық жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық кешенінде өтті. Кездесудің бірінші раундында Батыр Жүкембаев қарсыласы Луис Хесус Видалесті техникалық нокаутқа түсіріп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

«Котто» лақап атымен белгілі мексикалық Луис Хесус Видалес 30 жаста. Ол 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста. Бір кездесуден басқасының бәрін Мексикада өткізген. 

Айта кетейік, Жүкембаев соңғы айқасын дәл осы Монреаль қаласында өткізіп, мексикалық Хильберто Месаны (10-5-1, 6 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар