08 қаз, 2018 сағат 09:01

Батыр Жүкембаев чемпиондық белдіктен қағылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 11 КО) кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Әуелде оның мексикалық Патрисио Мореномен (20-3, 14 КО) жекпе-жегіне бірінші орта салмақтағы WBC International чемпиондық белдігі тігілуі тиіс болған еді. Бірақ салмақ өлшеу рәсімі өтетін күні ұйымдастырушылар бокс кешінде бұл белдік сарапқа салынбайтынын мәлімдеген. Белгілі болғандай, Жүкембаев бұл белдікке келесі кездесуде таласа алады екен.

Айта кетейік, жерлесіміз Мореноны жетінші раундта нокаутқа жіберді. Алайда оған дейін өзі де нокдаунға түсіп барып, ес жиды.