20 қаң, 2020 сағат 07:25

Басқарма елордада жұмбақ жағдайда көз жұмған қызға қатысты түсінік берді

Елордалық денсаулық сақтау басқармасы 9 жасар қыздың жұмбақ өлімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жедел жәрдем бригадасы келгенше, қыз бала өз үйінде қайтыс болды. Олар емханадан дәрігер шақырмаған. Отбасында төрт бала болған және кіші бауырлары да жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Оларға дәрігер шақырғанда ата-анасы тұңғыш қызын да тексеруді сұраған. Онда қыздың жағдайы қалыпты болған, дәрігерді күтіп алып, пәтерді көрсеткен. Бірақ, онда ЖРВИ алғашқы кезеңі болуы мүмкін, оған еш антибиотик тағайындалмаған. Өлімнің нақты себебі белгісіз, оны сот-медициналық сараптама анықтайды», - деп жауап берді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарманың хабарлауынша, дәрігерлер 13 қаңтарда жасөспірімнің үйінде болған. Ал қыз бала 14 қаңтар күні көз жұмған.

Бұған дейін елордалық полиция департаменті 8 жасар қыз баланың өз үйінде қайтыс болғанын хабарлаған еді. Қазіргі уақытта тергеу мен сот-медициналық сараптама жүріп жатыр.