25 сәу, 2019 сағат 16:20

Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Атап айтқанда, мемлекет басшысының өкімімен Андрей Иванович Лукин Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды.

Ал оның орнына президент өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды.