17 мам, 2018 сағат 08:49

Бас мүфти Рамазан айының басталуымен құттықтады (Видео)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Құрметті мұсылман қауымы, қадірлі бауырлар! Алла Тағала ұлық еткен он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы баршамызға құтты-берекелі болғай. Сабыр айы, рақымдылық пен мейірім айы, кешірім мен ізгілікке, жақсылыққа, берекеге толған ұлық айда Алла Тағала жасаған құлшылықтарымызды, ғибадаттарымызды қабыл етсін!", — деп құттықтады жамағатты Бас мүфти.