05 мау, 2019 сағат 06:53

Бас мүфти: Ораза айт - отбасылық мереке

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Баршаңызды күллі мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі - ораза айтпен құттықтаймын. Әр отбасына бақ пен береке, бірлік пен игілік тілеймін. Алла Тағала отыз күн тұтқан оразамызды, жасаған құлшылық-ғибадатымызды, берген садақымызды, барша игі ималымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай! «Айт» сөзі - «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу», «қарымта» деген мағыналарды білдіреді. Алла Тағала барша отбасына берекетін жаудырып, қасиетті рамазан айында ыждаһаттылықпен ауыз бекіткен жамағаттың қуанышын арттырғай!», - делінген Бас мүфтидің құттықтауында.

Сондай-ақ, Серікбай қажы Ораз Ораза жабырқаған жанды демеп, қарияларды қуанышқа бөлеп, көмекке мұқтаж адамның алғысы мен батасын алу - ол да сауапты амалдың бірі екендігін атап айтты.

«Ораза айт - отбасылық мереке. Мейрам күні ата-анамызға, кішкентай бүлдіршіндерге, ағайын-туыстарға сыйлық үлестіріп, оларды қуанышқа бөлеу - мерекенің сәнін арттыра түсетін игі іс. Жабырқаған жанды демеп, қарияларды қуанышқа бөлеп, көмекке мұқтаж адамның алғысы мен батасын алу - ол да сауапты амалдың бірі», - деді Бас мүфти.