10 мам, 2017 сағат 16:31

Барлыбаев Аслан Мусиннің орнына елші болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Қазақстанның Хорватиядағы елшісі қызметінде Аслан Мусин болған еді. Ол осы жылдың қаңтар айында қызметінен босатылған. 

Төлежан Барлыбаев ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген. Теміртау қаласында дүниеге келген. Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде білім алған (Мәскеу).