#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Бәрі заңға сәйкес болды – ІІМ вице-министрі Бишімбаевтың босап шығуы туралы

  • 14.10.2019
  • 0
  • 188

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бұрынғы Ұлтты экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың босап шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сот шешімі шықты. Жоғарғы сот бұл іске қатысты мән-жайды түсіндірген болатын. Жоғарғы соттың шешіміне қатысты пікір білдіруге құқым да, құзыретім де жоқ. Бәрі заң шеңберінде болды. Қандай нормативті құжаттардың қабылданғаны туралы мән-жайдың бәрі түсіндірілген», - деді вице-министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.

Марат Қожаев бұрынғы министр пробациялық бақылауда болатынын мәлім етті.

«Әу бастағы үкімге қатысты шағым қаралып, сот отырысы өтті. Сотталу мерзімі менің білуімше 4 жылға дейін қысқарған. Ол мерзімнің үштен екі бөлігін өтеген. Жылдан астам уақыт қалған. Осы мерзімді өтеу оған жеңілдетілген», - деді ол.

Еске сала кетсек, 11 қазанда Шымкент қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұған дейін сотталған министрдің қорғаушысы оның жазасын өтеу тәртібін өзгертуді сұраған болатын.

Еске сала кетсек, былтыр наурыз айында бұрынғы (лттық экономика министрі мен осы іске қатысты өзге де айыпталушыларға үкім шыққан еді. Сот үкімімен Қуандық Бишімбаевтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Сонымен бірге ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Биылғы 4 қаңтарда Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне ауыстырылған еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар