30 мам, 2018 сағат 08:03

"Baqytty Bala" халықаралық музыкалық фестивалі - Ақтөбенің жаңа бренді

Димаш Құдайбергеннің және басқа да жұлдыздардың қатысуымен вокалдық конкурстың финалы Ақтөбеде 1-2 маусымда өтеді. 2020 мен 2021 жылдары оны Астана мен Алматы қаласында өткізу болжанып отыр.

2018 жылғы 29 мамырда Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметімен өткізілуі Ақтөбеде 1-2 маусымға белгіленген «Baqytty Bala» балалар вокалдық фестиваль-конкурсының алдағы финалы бойынша баспасөз-конференция өтті.

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова, «ДимашАли» шығармашылық орталығының басшысы Қанат Айтбаев, Baqytty Bala фестивалінің режиссер-сценарисі, Украина, Греция, Түркия, Қазақстандағы халықаралық көлемді жобалардың  авторы Анна Обоянская жауап берді. Баспасөзконференциясына  «Ақтөбе қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Алтынай Юнисова және «ДимашАли» шығармашылық орталығының өкілі, бүкіл әлемге әйгілі әртіс Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева құрметті қонақтар ретінде қатысты.

«BaqyttyBala -2018» эстрадалық ән конкурсы екендігін, оған 10-нан 15 жас шамасына дейінгі жас музыкалық дарынды балалар қатысқанын естеріңізге саламыз. Ақтөбе облысының әкімдігі,  «QAZAQSTAN» республикалық Ұлттық арнасының қолдауымен «ДимашАли» шығармашылық орталығы фестивальдің ұйымдастырушылары болды.

Конкурс қатысушылары ана тілінде кез келген бір әнді (соның ішінде өзі шығарған бір әнді) және қалауы бойынша әлемдік хитті жеке орындауы керек болды. Балалар шығармашылығының ауқымды жобасы қашықтықтан іріктеу кезеңін және балалар эстрадалық әндерінің финалдық конкурсын қоса алғанда, бірнеше кезеңде өтетін болады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Baqytty Bala» жобасы өзі жайлы мәлімдегісі келген дарынды балаларға мүмкіншілік беруге арналған. Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан және Грецияны қоса алғанда, әртүрлі елден келген 20 бала оның қатысушыларына айналды – осы елдерден келген үміткерлер 420 өтініштің арасынан қашықтықтан іріктеуден өтті.

«Біз жыл сайын «Baqytty Bala» фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз және аталған жобаны Ақтөбе облысының көпшілік мойындаған брендіне айналдыруды өзіміздің негізгі мақсатымыз ретінде қоямыз. «Baqytty Bala»  конкурсын 2020 жылы Астанада, ал 2021 жылы Алматыда өткізу біздің жоспарымызда», - деп жобаның миссиясын айқындады Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова. 

«ДимашАли» шығармашылық орталығының басшысы Қанат Айтбаев осы конкурсқа қатысатын балалардың тағы да әлемдік сахнаның жұлдыздарына айналуға үлкен мүмкіншіліктері бар деп атап көрсетті. «Қазірдің өзінде біздің конкурсанттармен болуы мүмкін ынтымақтастық туралы продюсерлік орталықтардан ұсыныстар түсіп жатыр», - деп бөлісті спикер.

Бірнеше жеңімпаз арнайы шақырылған эстрада мен спорт жұлдыздарының қатысуымен 2 маусымда өтетін салтанатты марапаттау рәсімі барысында жарияланатын болады. Финалға қатысушылар Бас жүлде - 2 000 000 теңге үшін сайысқа түсетін болады. Негізгі жеңімпаздан басқа, бірінші орынның иегерін - 1 500 000 теңге мөлшерінде, екінші мен үшінші орындардың екі иегерін – сәйкесінше 750 000 теңге және 500 000 теңге мөлшерінде ақшалай жүлде күтіп тұр.

Сондай-ақ фестивалға қатысушылардың біреуі бүкіл әлемге әйгілі әнші, «Славян базары 2015» халықаралық конкурсының, «Singer - 2017» халықаралық конкурсының жеңімпазы, «MTV Music Awards» сыйлықақысының иегері - Димаш Құдайбергеннің атаулы жүлдесімен марапатталатын болады.

Әншінің анасы Светлана Айтбаева Қазақстанға конкурстың финалына келу мақсатымен Финляндия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Германия, Малайзия, Жапония, Польша, Франция, Ресей, Индонезия, Украина және Қытайды қоса алғанда, әлемнің әртүрлі елдерінен Димаштың жанкүйерлері келетінін әңгіме барысында айтты.

Димаштан басқа, іс-шараға келесі қонақтар қатысады:

  • Данелия Төлешова (Қазақстан) – Украинаның «Голос. Дiти» 2017 вокалдық конкурсының жеңімпазы
  • Луиза Нұрқуатова – «Витебскідегі Славян базары» 2015 халықаралық фестивалінің бас жүлдесінің иегері
  • Влад Сытник (Украина) –  «Славян базары-2017» конкурсының жеңімпазы
  • Джордан Аракелян (Армения) – армян әншісі
  • Анастасия Дидух (Украина) – әуе  гимнасты.

Конкурстың финалы Ақтөбе өнер орталығының «Өнер орталығы» концерттік залында өтеді. «Ақтөбе қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Алтынай Юнисова атап өткендей, Орталықтың концерттік залы 1200 адамды отырғызуға арналған, бұл ретте солардың ішінде 600-ге жуығын ұйымдастырушылар балалар үйі мен халықтың осал топтарының балаларына берді.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар балалардың ақтық сайыс мәресіне  қалай дайындалып жатқаны жайлы әңгімелеп берді:

«Балалардың барлық конкурс бойы оқиғаға толы бағдарламасы болды. Біз қатысушыларды тамаша үлгілі талаптары бар демалыс аймағына орналастырдық. Олар бірінші келген күні «Достық кеші» болды, онда бәрі бір-бірімен танысып, бірге кешкі ас ішті және  ұйымдастырушылардан брендтелген кәдесыйлар алды. Алда қала бойынша ойын-сауық экскурсиясы, одан соң вокал бойынша Димаш Құдайбергеннің ұстазы Марат Әйтімовтің шеберлік кластары, сондай-ақ Өзбекстанның халық әртісі – Нодира Перматованың вокал бойынша сабақтары өткізілетін болады. Балалардың жүзі бақытқа толы, өйткені олар үшін Ақтөбе қаласына келуге барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Ақтөбе қаласы олардың жадында осы бақыттың ізгі ықыласты, қонақжай бұрышы ретінде ұзақ сақталатынына сенімім мол», - деп нық айтты конкурстың режиссер-сценарисі Анна Обоянская.