22 ақп, 2018 сағат 09:29

Банкоматтар неге ұсақ ақша бермейді?

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында екінші деңгейлі банктердің банкоматтарында неге ұсақ ақша болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Онлайн сауал қоюшы банкоматтарда үнемі ұсақ ақша болмайтынына шағым білдірді. «Біз бұл мәселемен таныспыз. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді ақшаның барлық номиналдарымен қамтамасыз етеді. Бірақ банктерге ірі ақша салған тиімді. Себебі, бұл жиі ауыстыруды талап етпейді. Сонда олар инкассацияға кететін шығынды азайтуға тырысады», - деді Ақышев.

Оның айтуынша, Ұлттық банк банктерді мәжбүрлей алмайды. «Қатаң талап жоқ. Алайда, егер Сізде шағым болса Ұлттық банкке онлайн режімде жүгіне аласыз»,- деді ол.