17 қаң, 2017 сағат 15:56

Балғынбек ақын өзге ұлттың жігітінің қасына отырған қазақ қызын тұрғызып жіберді (Видео)

«Әйел бақыты» бағдарламасында студияға келген зәңгі жігіттердің қасында отырған қазақ қызын тұрғызып, оның орнына өзі барып отырған танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев елді сүйсінтті, деп жазады BAQ.kz тілшісі.

Қазіргі таңда «күйіп тұрған» тақырып - қытайға қыз беру туралы шыққан ақпарат. Осы тақырыптан рейтинг жинауды көздеп жатқандар да аз емес. «Әйел бақыты» бағдарламасы да бұл сәтті құр жібермей студияға бір-екі зәңгіні (негр) шақырған екен. Олардың қасына қазақтың бір қызын отырғызып қойыпты. Студияға сарапшы ретінде шақырылған Балғынбек ақын қазақ қызын тұрғызып, зәңгілердің қасына өзі барып отырды.

Сонымен қатар, студиядағы тағы бір қонақ ретінде қатысушы әжеміздің зәңгі жігіттерге айтқан ақылы да көрерменнің көңілінен шықты.

Естеріңізде болса, «Мәңгілік ел – мұратым» атты 2014 жылғы Республикалық «Алтын домбыра» иесі анықталған ақындар айтысында Балғынбек Имашев қытайға қыз беру туралы:

Кісінің келтіргенмен күлкі реңін,
Қайғы, мұң қашырмай ма сұрқын оның.
Ендеше, Балғынбектің әзіл емес,
Қайғысына құлағын түрсін елім.
Азғындық, алауыздық, арсыздықтың,
Қайсысынан бастасам да іркілемін.
Қытай, кәріс, үндіге тиіп жатқан,
Қыздарың бұзған жоқ па ұлт реңін.
Қызына қырық үйден тиым қойған,
Қалайша ұмыт болды ғұрпың елім.
Шымылдыққа жасырып сұлуларын,
Тегін таза сақтаған түркім едің.
Жалғыз қыздың ары үшін азаматы,
Жау жапырып кіретін жұртым едің.
Ал бүгін азаматтың өзі де әйел,
Қас жұлынып, боялды кірпік, ерін.
"Қайран елім, қазағым" бұл заманда,
Басыңа үйірілді бұлты ненің?
Жатқа кеткен қызының жатырында,
Жаулар өсіп жатқанын білсін елім.
Қара қасқа қытайға қатын болған,
Қарындасты көргенде күрсінемін.
Мың-миллион құмырысқа құрсағына,
Илеу салып жатқандай түршігемін!..

«Мәңгілік ел – мұратым» атты 2014 жылғы Республикалық «Алтын домбыра» иесі анықталған ақындар айтысынан үзінді