#
#
Жексенбі 25/08/2019

Баласының басынан таспен ұрған әке өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  • 08.04.2019
  • 0
  • 1147

Бүгін алдын ала сот отырысында баласының басынан таспен ұрған әкенің өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«2018 жылы 16 шілдеде Брянская көшесінде Асқароғлы Мұрат дәрменсіз тұлғаға қылмыс жасаған. Ол ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен, 99-бабының 2-бөлімінің 3-тармағымен айыпталып отыр. Бұл аса ауыр қылмысқа жатады. Мұндай қылмыс жасаған адам өмір бойы бас бостандығынан айырылып немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін», - деді мемлекеттік айыптаушы.

34 жастағы Мұрат Асқароғлы бұл мәлімдемеге бірден қарсылық білдірді.

«Мен мұндай сорақы қылмыс жасаған жоқпын. Мені балама қол көтерсін деп тәрбиелеген жоқ», - деді ол.

Сонымен қатар сотталушы мен оның қорғаушысы қылмыстық істі қылмыстық істі қарауға алқа билер соты қатысуын сұрады.

Одан бөлек сотталушыны бұлтартпау шарасын өзгертіп, сот аяқталғанша Мұрат Асқароғлын үйіне жібере тұруға өтініш айтылды.

«Мен өз отбасым мен бала-шағамнан қашып кетеді деп ойлайсыздар ма? Мені босатыңыздаршы, өтінемін!»  - деп айқайлады Мұрат Асқароғлы.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға былтыр 16 шілде күні Одесская мен Брянская көшелерінің қиылысында болған. Тұрғындар тал түбінен 4,5 жасар баланы тауып алған. Бала шала-жансар күйінде шұғыл ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Алматы полициясы жантүршігерлік оқиғаға күдікті ретінде баланың әкесін ұстады. Мұрат Асқароғлы өзінің кінәсін мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

Ер адам мастықтан есеңгіреп тұрғанда баласының қыңқыл-сыңқылын көтере алмай, таспен самайынан бір-ақ ұрғанын айтқан. Қалалық мамандандырылған қылмыстық сот Мұрат Асқароғлын ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі және 99-бабының 2-бөлімі бойынша қамауға алды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар