28 қар, 2017 сағат 14:10

"Баланың көзқарасын құрметтеу" атты диалогтық алаң өтті

21 қарашада «Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар Форум-фестивалінің шеңберінде «Баланың көзқарасын құрметтеу» атты тақырыбында диалогтық алаң өтті.

Диалогтық алаңдардың мақсаты - шешімдер қабылдауға қатысудағы баланың құқығын жүзеге асыру.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аронова Ирина Петровна алаңның төрағасы ретінде сөз сөйледі.

Диалог жұмысына балалар қоғамдық ұйымының басшылары, республикалық және халықаралық интеллектуалдық олимпиадалардың және республикадағы барлық өңірлердегі шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары қатысты.

Баланың қала немесе аудан өміріне қатысуды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында «Балаға мейірімді қала» атты халықаралық бастамасын іске асыру құралы ретінде «ЮНИСЕФ» Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының үйлестірушісі Анна Вячеславовна Стативкина сөз сөйледі.

Балаларға арналған парламентін ашу туралы ұсыныспен Алматы қаласынан Форум-фестивалінің қатысушысы Шарипбай Танжарык сөз сөйледі.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы, балалардық құқықтық сауатсыздығы туралы Оңтүстік Қазақстан облысынан келген қатысушы Тоғжанов Ернұр сөз сөйледі.

Форум-фестивальге қатысушы балалар диалогтық алаңында балалардың және жасөспірімдердің азаматтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау, білім беру, спортты және туризмді дамыту, қоршаған ортаны қорғау және т.б. тақырыптар сияқты қоғамдық өзекті мәселелерді бірлесіп шешті.

ҮЕҰ-ның өкілдері, Утебаева Динара Каирбековна, «Қостанай облысындағы Асыл Бала» РМҚ филиалының басшысы бала өз пікірін білдіруі мүмкін ең төменгі жастың төмендеуі туралы сөз сөйледі, Дмитриенко Елена Александровна, «Жұлдыз» балалар қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басшысы баланың көзқарасын және оның қоғамға қатысу құқығын құрметтеу туралы сөз сөйледі.

Қостанай қаласындағы жастар мәслихатының қызметі туралы Компышов Бекзат Талгатович, VIII шақырылымдағы Қостанай қаласы жастар мәслихатының хатшысы сөз сөйледі

Алаңның қорытынды бөлімінде ұсыныстарды қабылдау талқылау барысында қатысушылар белсенді қатысты.

Диалогтық алаңын жағымды аяқтау - қатысушылардың есте қаларлық суретке түсіруі болды.