#
#
Дүйсенбі 25/06/2018

Баланы неше жастан бастап мектепке беру керек?

  • 11.06.2018
  • 0
  • 315

Білім және ғылым министрлігінің мамандары балаларды мектепке қанша жастан бастап беру керек және алты мен жеті жасар оқушылардың бірге оқитыны қалай қабылданады деген сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балалардың оқуға деген белсенділігі әсіресе жеті жасына дейін тиімді, ал үш жасында белсенді өсу кезеңінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бүлдіршінге алты жасына дейін оқу жеңіл, оқудан ләззат алады, қосымша мотивацияны талап етпейді. Баланың кез келген ақпаратты алты жасына дейін жақсы қабылдай алатыны ғылыми дәлелденген. Назар аудару, ойлау, есте сақтау және қабылдау қабілеті дамыған бес жастағы бала да мектепке бара алады", - дейді сарапшылар.

Сонымен қатар, олардың сөзінше, мектепке дейінгі даярлық балаларға міндетті емес.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, білім берудің жаңартылған мазмұны үш кезеңді қамтиды: алдын ала, әліпби және кейінгі оқу жүйесі. 2013 жылға арналған оқу жоспарымен салыстырғанда, алдын ала оқыту жүйесі ұлғайған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, баланың мектепке алты жастан бару-бармауын тек ата-ана шешеді.

"Бүгінде алты жастағы балалар мектепте оқып жатыр. Статистикалық мәліметтер бойынша, олар бірінші сынып оқушыларының 50,9 пайызы. Сондықтан балаларды қабылдау жайлы жаңа ереже тек қалыптасқан тәжірибені заңдастырады. Алдыңғы оқу жылында, мектепке 2018 жылдың соңына дейін алтыға толатын балар келеді. Сонымен қатар, баланың мектепке бару туралы шешімін ата-ана қабылдайды", - дейді министрліктегілер.

Ата-ана баласы үшін мектепті өздері таңдауға құқылы деп көрсетілген ведомствода. Оқу орны толып қалған жағдайда, олардың құжатын қабылдамауға болады.

"Тұрғылықты жерінен алынған куәлік бойынша оқу орнына қабылдау алып тасталды. 2018 жылдың 10 мамырдағы Үкімет қаулысының 8-тармағы № 254 ата-аналардың кез келген білім беру ұйымын таңдай алады. Бірақ, ең алдымен, білім беру мекемесінің маңында тұратындарды, ал қалғандарын тек бос орындар болған жағдайда қабылдайды", - делінген сауалхатқа берілген жауапта.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар