18 қаң, 2020 сағат 13:35

Баландин Қытайда қола еншіледі

Қазақстандық Дмитрий Баландин Қытай астанасы - Бейжің қаласында өтіп жатқан Champion Swim Series турнирінің екінші жарыс күнінде брасс әдісімен 100 метрге жүзуде үшінші орын алды. Оның нәтижесі 1:00.00 көрсеткішін құрады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Семейде жауынгерлік өнер фестивалі өтеді Кәрім Мәсімов Жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті атанды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы шәкірті допинг қолданғаны үшін 3 бапкерді қызметінен шеттетті

Бұл қашықтықты 58.83.00 уақытта бағындырған қытайлық Ян Цзыбей бірінші орын алса, күміс жүлдеге 58.95.00 көрсеткішімен нидерландтық Арно Камминг ие болды.

Естеріңізге сала кетелік, Д.Баландин Оңтүстік Кореяның Шэньчжэн қаласында өткен жарыста бұл қашықтықты 1:00:55 көрсеткіші бойынша бағындырған болатын.

Бұдан бұрын Д.Баландин Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен Champion Swim Series турнирінің бірінші кезеңінде 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде үшінші орын алса , брасс әдісімен 200 метрге жүзуде де сол жетістігін қайталады.

Айта кетерлігі, ол 2019 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен су спорты түрлерінен әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде 59:09 көрсеткішіне қол жеткізген еді. Бұл Қазақстан рекорды ретінде тіркелді.