13 нау, 2019 сағат 09:28

Балалар білім алуға ұмтылуы тиіс - Күләш Шәмшидинова

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Махамбет ауданындағы Д. Түленов атындағы мектеп-гимназияға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл мұғалімдерімен сұхбат кезінде министр мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарына тоқталып, білім саласындағы реформаның негізгі тұстарына назар аударды. Сондай-ақ бүгінде қызу талқыланып, қабылдануы күтіліп отырған «Педагогтың мәртебесі туралы» Заңына қатысты мұғалімдердің сұрағына жауап берді.

«Бүгінде басты капитал - адам. Бұл капиталдың құндылығы оның білімділігімен, интеллектуалдық дамуымен өлшенеді. Сондықтан  оқушыларды алған білімдерін талдап, жинақтауға үйретуіміз қажет. Ғылым мен білімнің заңдары ешқайда кеткен жоқ дегім келеді. Біздің бүгінгі міндетіміз - мектеп оқушыларын білім алуға ұмтылуға баулу», - деді К. Шәмшидинова.