#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

Бала өлімін жасырған жалғыз Атырау емес: аудит 277 баланың өлімін анықтады

  • 21.10.2019
  • 0
  • 347

Атыраудағы сәби өлімінен кейін республика бойынша деректер мен медициналық карталарға жаппай аудит жүргізілілген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Денсаулық сақтау - еліміздің негізгі басымдықтарының бірі. Қарқынды жұмыс пен кешенді тәсілдердің арқасында жалпы соңғы бес жылда ана, туберкулезден болатын өлімнің, қан айналым жүйесі ауруынан болатын, онкология және жарақаттан болатын өлімнің төмендегені байқалады. Алайда ұзақ мерзімді кезеңде осы жылдың 8 айының деректері бойынша жалпы өлімнің және нәресте өлімінің өсуінде болмашы ауытқулар байқалады», - деді министр Парламент Сенатында.

Елжан Біртановтың айтуынша, өлім себептері бойынша жүйелі шаралар цифрландыру мен статистикалық деректердің сапасын жақсарту арқылы белсенді түрде жүргізілуде.

«Біз Атырау облысында барлық туғаннан кейін шетінеп кеткен нәрестелердің шыны препараттарынан алынған объективті деректер мен медициналық карталардың аудитінен кейін ел бойынша жаппай аудит жүргіздік. Талдау нәтижесінде есепке алынбаған ерте неонаталдық өлім-жітімнің (...) 277 нәресте өлімін жасырып қалу фактілерін анықтадық. Осыған байланысты 2018 жылы нәресте өлімінің көрсеткішіне түзету жүргізілді. Бұрынғы 1000 тірі туған нәресте бойынша өлім-жітім көрсеткіші 8,03-тен 8,7-ге өзгерген», - деді ол.

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар