29 там, 2017 сағат 10:14

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының жүктеген міндеттерін орындау бойынша тапсырмалар берді

Бүгін Үкімет отырысының барысында, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 25 тамызда Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің мәселелері бойынша өткен кеңесте берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Пенитенциарлық мекемелерді жаңғырту мен құрылыс жұмыстарына инвесторларды тарту аясында, Бақытжан Сағынтаев ҚР ІІМ-не ұлттық экономика және қаржы министрліктерімен бірлесіп, апталық мерзімде орын алған жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп, МЖӘ тетігі аясында пенитенциарлық мекемелерді жаңғырту бойынша нақты шешімдерді шығару туралы тапсырма берді. 

Кеден рәсімдерін жеңілдету бойынша, қаржы министрлігіне барлық модульдер бойынша «Астана - 1» пилоттық ақпараттық жүйесін тестілеу тапсырылды, ол 2018 жылдың басында іркілмей жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа Кеден кодексін іске асыруға қажетті заңға қосымша актілерді әзірлеу керек. Оларды орындау бизнес қауымдастықта мәселе тудырмауы тиіс. 

Аталған мәселені бақылауға алу жауапкершілігі ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктеледі. 

Жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша ұлттық экономика министрлігіне құжатты барлық ескертулер тұрғысынан пысықтап, оны Парламент Мәжілісіне ұсыну тапсырылды. 

Өңірлік электр желілік компаниялармен жұмыс аясында энергетика министрлігіне ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, ЭТК ірілендіру процесін бастау тапсырылды. 

Сонымен қатар ҚР ҰЭМ мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне 1 қазанға дейін иесіз электр желілерін түгендеу және 20 қазанға дейін оларды әкімдіктердің теңгеріміне өткізу бойынша толық жоспарды бекіту тапсырылды. 

ТҰК мен стратегиялық инвесторларды тарту бойынша ҚР ҰЭМ-не Kazakh Invest пен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, әрбір инвестжобаны іске асыратын адамдар мен жауапкершілік аймақтарын анықтау тапсырылды.  

Туризмді дамыту мәселесі бойынша, мәдениет және спорт министрлігіне Туристік саланы дамыту тұжырымдамасының шаралар жоспарын және туристік кластерлерді дамыту үшін негізгі инвесторларды тарту бойынша нақты ұсыныстарды екі апталық мерзімде Үкіметке ұсыну жүктелді. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Қазақ Туризм» ұлттық компаниясын құру рәсімдерін жылдамдатуды тапсырды. 

Мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін ұлғайту аясында ҚР АШМ-ге облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, іріктеп алынған инвестжобаларды пайдалануға берудің кестесін әзірлеп, Үкіметке ұсыну тапсырылды. Бұдан өзге, сүт және ет саласына қосымша инвесторларды тарту мәселесін пысықтау, сондай-ақ, Астана мен Алматы маңында ірі өңдеу кәсіпорындарының құрылысы бойынша ұсыныстар енгізу жүктелді. 

Бақытжан Сағынтаев өзінің орынбасары, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке аталған мәселелерді ерекше бақылауға алып, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Көлік-логистика саласында инвестициялар және даму министрлігіне Алматы маңындағы жаңа авиахаб құрылысы бойынша жобаны іске асыру тәсілдерін қайта қарау және 1 желтоқсанға қарай нақты ұсыныстарды өткізу тапсырылды. 

Жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша, инвестициялар және даму министрлігіне энергетика министрлігімен бірлесіп, 10 қыркүйекке дейін Жер қойнауы туралы кодекс жобасын Президент Әкімшілігімен бекітіп, оны қыркүйектің соңына дейін Парламентке ұсыну тапсырылды. 

Ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі мен бюджеттің төртінші деңгейін енгізу аясында мүдделі мемлекеттік органдарға жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заңды іске асыруға барлық тиісті заңға қосымша актілерді уақытылы қабылдау туралы тапсырма берілді.

Аталған мәселені бақылауға алу жауапкершілігі ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді. 

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Ұлт жоспарының «Бірегейлік пен бірлік» төртінші бағытын іске асыру барысына назар аударды. Аталған бағытта мәдениет және спорт министрлігіне жауапты мемлекеттік органдармен және өңірлердің, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттерін іске асыруға нормативті-құқықтық актілер мен бағдарламалық құжаттарды қайта бағдарлау тапсырылды.