20 сәу, 2018 сағат 12:05

Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Ресей елшісімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты және интеграциялық өзара іс-қимыл, өңіраралық және шекара бойындағы ынтымақтастық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев Алексей Бородавкинді Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жоғары және жауапты лауазымда табыстар мен жетістіктер тіледі және бұл тағайындаудың Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.