01 нау, 2021 сағат 09:57

Сағынтаев қала тұрғынының өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы тұрғыны Ажар Абдрешеваның бейнеүндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кенже Байниязовты 22 ақпанда үйінің ауласында өлтіріп кеткен.

Жұбайының айтуынша, оны Алматы әкімдігінің бас есепшісінің жеке жүргізушісі өлтірген. 

Күдікті қамауға алынған соң оны заңға қайшы, яғни өткен мерзіммен қызметінен кетті деген бұйрық шығарған. 

«Осыған байланысты Ажар Абдрешеваның күйеуінің өліміне қатысты істі жеке бақылауыма алдым. Күдікті қамауға алынды. Қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовке бұл істі жан-жақты әрі обьективті тергеуге тапсырма бердім. Қаза болған жігіттің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деді Бақытжан Сағынтаев Facebook парақшасында.