08 қар, 2017 сағат 14:11

Бақытжан Сағынтаев Франция елшісімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық пен серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жаңа инвестициялық жобалардың перспективалы бағыттары қаралды.  

Анықтама: Екі ел арасындағы тауар айналымы 2017 жылдың 9 айында $2,53 млрд (экспорт — $2,13 млрд, импорт — $394 млн) құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге жоғары көрсеткіш. 2005 жылдан бастап 2017 жылдың І жартыжылдығы аралығында Франциядан инвестициялар түсімі $13,77 млрд құрады. Қазақстанда француз капиталының қатысуымен «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» секілді 130-дан астам кәсіпорын сәтті жұмыс істеп тұр.