27 қаң, 2018 сағат 09:33

Сағынтаев Елбасы тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын іске асыру мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың 2018 жылға арналған негізгі міндеттері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Отырыс барысында дамудың бағыттары бойынша Премьер-Министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеевтің, Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахмановтың, Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтің, Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің, Қаржы министрі Б. Сұлтановтың, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаевтың, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұловтың, Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың, Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың, Әділет министрі М. Бекетаевтың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенованың, Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің, Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтің және тағы басқалардың ақпараттары тыңдалды.