#
#
Жексенбі 22/04/2018

Бақыт Сұлтанов Үкімет басшысынан вице-министрлерді жазалауды сұрады

  • 11.01.2018
  • 1
  • 1738

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтан бюджет қаржысының игерілмеуіне байланысты вице-министрлерді жазалауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылғы 11 айының қорытындысы бойынша Үкімет отырысында бюджет қаражатын игеруде белгілі бір тәуекелдер жөнінде айтылған болатын. Алдымызда Парламентте жылдық есеп нәтижелерін талқылау тұр. Онда міндетті түрде жауапкершілік туралы сұрақ туындайтыны анық. Осыған орай қаржыны толық игермеген орталық мемлекеттік органдар бойынша Үкіметке министрдің орынбасары және комитеттер төрағасы деңгейіндегі лауызым иелерін жауапкершілікке тартуға ұсыныс енгіземіз. Нысаналы трансферттердің сомасын игермеген аймақтардың әкімдерінен де тиісті лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуын сұраймын», - деп атап өтті Б. Сұлтанов Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы жалпы сомасы 8,6 трлн теңгеге 496 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша жалпы сомасы 728 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде конкурстардың қорытындыларын жою және қайта қарау жолымен 710 млрд теңге сомаға, яғни 97,5 пайызға бұзушылықтар уақтылы жойылды.

Аудиторлық іс-шаралармен 2,3 трлн теңге бюджет қаражаты қамтылды. Барлық сомасы 275 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 259 млрд теңге түзетілді.

Бұдан бөлек ол мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік құрамын арттыру қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«2016 жылмен салыстырғанда әлеуметтік салаға арналған шығыстардың өсу қарқыны 112 пайызды құрайды, ал олардың таза шығыстардағы үлесі 51 пайызға жетті. Ал, мемлекеттік бюджеттің негізгі параметрлеріне келсек, олар алдын ала деректер бойынша орындалды. Кірістер бойынша жылдық жоспар барлық бюджеттерде асыра орындалды. Өткен жылға қарағанда мемлекеттік бюджеттің кірістерінің өсімі 700 млрд теңгені құрады», - деп тоқталды Қаржы министрі.

Шығыстар бойынша жұмыс барынша жоғары атқарылды: мемлекеттік бюджет - 99,7%, республикалық бюджет - 99,8% және жергілікті бюджет - 99,6%.

«Республикалық бюджеттің тапшылығы 1 357 млрд теңгені құрады. Бұл жоспардағыдан (1486 млрд.теңге) 129 млрд теңгеге аз. Бюджет қаражаты 2016 жылға қарағанда аудиторлық іс-шаралармен және камералдық бақылаумен екі есеге көп қамтылды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны 2,2 есеге азайды. Ол, камералды бақылаудағы превентивтік шаралар тиімділігінің артуы арқасында қамтамасыз етілді», - деді Б. Сұлтанов.

1 пікір

  • қазақБейсенбі, 11.01.2018

    Бүткіл жемқорларды жазалау керек.Мемлекет қазынасына кір қол сұққандарды атып,үлгі етсе сонда тоқтар

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар