09 қар, 2016 сағат 08:53

Бақтияр Өнербаев Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бақтияр Әлтайұлы Өнербаев Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бақтияр Әлтайұлы Өнербаев 1967 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы – инженер-химик, оқытушы, құқықтанушы, саясат ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің бейорганикалық химия кафедрасының лаборанты болып бастады. Кейін С. Киров атындағы университеттің кафедрасында инженер, ҚР Коммуналдық меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру комитетінің маманы, бас маманы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Іс басқармасының  ұйымдастыру бөлімінің, сыртқы байланыс және іс-шараларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласының сот әкімшісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді.

2014 жылғы қарашадан – Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Айта кетсек, Алматы облысы әкімінің өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Талғат Қанатұлы Қайнарбеков Текелі қаласының әкімі қызметінен босатылды.