12 сәу, 2017 сағат 08:42

Бақтияр Ілиясов Capital Bank Kazakhstan басшысы болып тағайындалды

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ басқарма төрағасы лауазымына «Tengri Bank» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары-Басқарма мүшесі болған Бақтияр Ілиясов тағайындалды, деп хабарлады Tengri Bank баспасөз қызметі. 

«Директорлар кеңесінің 2017 ж. 10 сәуіріндегі №10 шешіміне сәйкес, Бақтияр Әбдінұрұлы Ілиясовтың "Capital Bank Kazakhstan» АҚ Басқармасының төрағасы болып ауысуына байланысты, оның «Tengri Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Бақтияр Ілиясов - Экономика ғылымдарының кандидаты және қаржы саласында 17 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Бұған дейін Ғани Өзбековтың «Capital Bank Kazakhstan» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кеткені хабарланған еді.

«Кадрлік орын ауыстыру екі қаржы институтының қосылу процесі аясында,  Банктердің қосылуы кезінде барынша тиімді ымыраға келу және олардың құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекет процессін нақты қалыптастыру мақсатында жүргізілуде. Негізгі күш үздік тәжірибелерді, технологиялар мен бизнес-процесстерді, құзыреттілікті, сондай-ақ қызметкерлерді сақтауға бағытталады, бұл екі банк клиенттерінің жоғары сенімділік деңгейін сақтайды және бекітілген жоғары қызмет көрсету стандарттары мен сенімділікке нұқсан келтірмей, бірігуді жүргізуге мүмкіндік береді», - делінген банк баспасөз қызметінің хабарламасында.

2016 жылдың желтоқсан айында «S&P Global Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігі «Tengri Bank» АҚ-ның «B+» деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингін растады. Бұл рейтинг Банктің қаржы жағдайының тұрақты әрі қалыпты екенін көрсетеді.