#
#
Бейсенбі 24/05/2018

Бахтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды

  • 07.02.2018
  • 0
  • 4064

Қазақ боксының мақтанышы, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының директоры болып тағайындалды. Жаңа қызметке келгенін спортшының өзі растаған, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Astana Arlans»» бокс клубының директоры болғаным рас. Бұйрық бүгін шықты», - деп Артаев телефон арқылы қуанышымен бөліскен.

Айта кетсек, Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында өмір есігін ашқан. Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.

Бұған дейін Бахтияр Артаев «Тарлан Батырлары» ЖШС-ін басқарып келген.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар