#
#
Жексенбі 23/02/2020

Бахрейнде қазақстандық қыздарды жезөкше болуға мәжбүрлеген

  • 11.02.2020
  • 0
  • 382

Бахрейнде секс-құлдықтан 21 қазақстандық әйел босатылды. Олар мамандандырылған оңалту орталығына жеткізілді, кейін елге оралады.

"Сауд Арабиясы корольдігіндегі Қазақстан елшілігі Бахрейн полициясының көмегімен 21 қазақстандық секс-құлдықтан босатылды", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Қыздарды Бахрейнге қонақүйде жұмыс істеуге шақырған. Манамада (Бахрейн астанасы) төлқұжаттарын алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұған көнбеген қыздарға күш көрсетілді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Арасында Қазақстан азаматтары да бар. Тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство ақпаратында. 

Зардап шегушілер мамандандырылған оңалту орталығына жеткізілді, кейін елге оралады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар