12 қаң, 2017 сағат 09:03

Бағлан Майлыбаев қызметінен босатылды

Бағлан Майлыбаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың сайтында.

Бұл қызметке оның орнына Марат Тәжин келді.

Айта кетейік, Бағлан Майлыбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып 2011 жылдың қазан айында тағайындалған еді. "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, медальдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс грамотасымен марапатталған, ҚР ҰҒА жас ғалымдар сыйлығының лауреаты.