05 қыр, 2019 сағат 05:15

Багам аралдарында «Дориан» дауылы құрбандарының саны 20 адамға жетті

Багам аралдарының билігі «Дориан» дауылы салдарынан архипелагта кем дегенде 20 адамның қаза тапқандағын анықтады, деп хабарлады сәрсенбі күні америкалық The Miami Herald газеті.

Басылымның атап өтуінше, бұл ақпаратты аралдық мемлекеттің денсаулық сақтау министрі Дуэйн Сандз растаған.

Соңғы деректерге қарағанда, дауыл салдарынан Багам аралдарында 13 мың нысан тұтастай қираған немесе  бүлінген. Үлкен аумақты су басқан.

Қазіргі уақытта Джорджия штатының жағалауына жеткен «Дориан» Оңтүстік Каролина бағытына қарай 3,5 м/с жылдамдықпен жылжып барады.