01 там, 2020 сағат 15:22

БАӘ араб елдері арасында бірінші болып АЭС-ті іске қосты

Біріккен Араб Әмірліктері 1 тамыз күні араб елдері арасында бірінші болып атом электр станциясын іске қосты. Ел премьер-министрі Мохаммед әл-Мактум: Абу-Дабидің "Барака" станциясындағы бірінші бейбіт ядролық реактордың іске қосылуы "арабтардың ғылымдағы жолын жандандырып, өзге ұлы ұлттармен бәсекелесе алатынын" білдіреді деп мәлімдеді.

Халықаралық француз радиосының хабарлауынша, станция құрылысымен жергілікті ENEC және Оңтүстік Кореяның KEPCO компаниялары айналысады. Құрылыстың жобаланған құны – 24 миллиард доллар.

Станцияның төрт реакторын түгелдей іске қосу БАӘ-нің электр энергиясына деген мұқтаждығын төрттен бір бөлікке өтейді.