#
#
Сенбі 23/11/2019

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясына жаңа басшы келді

  • 21.10.2019
  • 0
  • 171

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға жаңа басшы келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Корпорацияның Директорлар кеңесінің шешімімен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып Қанат Қарауылов сайланды.

Қарауылов Қанат Серікұлы 1971 жылы 16 ақпанда туған.

Қазақ тұтыну кооперациясы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарында («Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ) басшылық және басқарушылық лауазымдарында, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Жаңа тағайындауға дейін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі болды.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және астық экпортының дамуына жәрдемдесу. Компанияның жалғыз акционері - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар