#
#
Сейсенбі 24/09/2019

Азия қаламгерлеріне ортақ журнал жарық көреді

  • 06.09.2019
  • 0
  • 2262

Елордада өткен Азия қаламгерлерінің тұңғыш форумында әдеби журнал мен газет нөмірлерін бірлесіп шығару туралы шешім қабылданды. Бұл жайында Тәжікстан Жазушылар одағының төрағасы Низом Косим айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Форум бірлескен жұмыстардың әрі қарайғы жоспарын белгілеу үшін өте ыңғайлы алаң болды. Біз алдағы уақытта әдеби журналдар мен газеттердің бірлескен нөмірін шығаруға уағдаластық. Бұл оқырмандарымыздың өзге елдердің, көршілерінің әдеби шығармашылығымен таныс болуы үшін жасалады. Меніңше, бұл да халықтарымызды жақындастыра түсуге септігін тигізеді», - деді Низом Косим форумның жабылуына арналған салтанатты шара аясында. 

Оның атап өтуінше, аталған басылымдардың форматы алдағы уақытта егжей-тегжейлі талқыланады. Басылым нөмірі жергілікті немесе шетелдік қаламгердің шығармаларына не болмаса нақты бір елдің әдебиетіне арналуы мұмкін. 

«Барлық, әсіресе бұрынғы кеңестік кеңістіктен шыққан Жазушылар одағының негізгі жұмыс бағыттарының бірі - өзге елдермен, әсіресе бауырлас республикалармен мәдени байланысты жолға қойып, нығайту. Бұл орайда Қазақстан бәрімізді басып озды. Бұл - елдеріңізде өтіп жатқан осымен үшінші халықаралық әдеби шара болып отыр. Мен оның екеуіне қатысқан едім. Тамаша әсер алдым», - деді ол.

Айта кетейік, форум аясындағы үш күн ішінде ұйымдастырушылар мен қатысушылардың арқасында ауқымды да жемісті істер атқарылды. Панельдік сессиялар, пікірталас, кездесулер сəтті өтіп, меморандумға қол қойылып, Жазушылар аллеясы ашылды. Бірінші күннің жалпы отырысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, нақты ұсыныстар да жасады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар