28 там, 2018 сағат 13:46

Азиада-2018. Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медаль түсті

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алина Әділханова көркем гимнастикадан жекелей көпсайыста чемпион атанды.

Ол төрт элементпен - шеңбер (обруч), доп, таяқ (булава) және таспамен (лента) өнер көрсетіп, 66,500 ұпай жинады. Күміс жүлдені Өзбекстан спортшысы Сабина Ташкенбаева (65,850), қоланы Қытай спортшысы Ятинг Жао (65,550) алды.

27 тамызда Қазақстан көркем гимнастика құрамасы командалық жарыста алтын жүлдеге ие болған.

Қазір Қазақстан 8 алтын, 8 күміс, 29 қоламен жалпы есепте 10-орында келеді.

Айта кетейік, Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр.