05 сәу, 2019 сағат 13:33

Айыппұл тексеретін онлайн-сервис ашылды

Жаңа сервисте қолданушылар әкімшілік айыппұл бар-жоғын мезетте біле алады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті «Бірыңғай әкімшілік өндіріс реестрі» жобасы аясында қолдануышлар әкімшілік айыппұл бар-жоғын мезетте біле алатын сервисті іске қосып отыр.

Сервис бүгіннен бастап qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінен басқа, Bnews.kz порталында да бар. Қызмет барлық қолданушыларға тегін. Әкімшілік айыппұл бар-жоғын білу үшін жеке тұлғаларға жеке куәлігінің нөмірі мен ЖСН енгізу жеткілікті, ал заңды тұлғалар БСН мен мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізуі керек.

Сайтта бұдан басқа – айыппұлды қай жерде төлеуге болатыны; айыппұл төленгенімен, әлі де базада тұрған жағдайда не істеуге болатыны жөнінде ақпарат алуға болады. Сонымен бірге, айыппұл төлейтін азаматтың өз мәселесін шешуге қажет мәліметтер де жиналған.

Жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған.

Мұндай сервис ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің сайтында да бар.

Сервистің сілтемесі: https://bnews.kz/lite/onlinecheck