18 қаз, 2017 сағат 10:00

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен босатылды

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясы вице-президентінің міндетін атқарушы қызметінен босатылды.

«Айсұлтан Назарбаев «Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ Вице-президентінің міндетін атқарушы қызметінен өтінішіне байланысты босатылды», - делінген ҚФФ сайтындағы хабарламада. 

Биыл ақпанда Айсұлтан Назарбаев ҚФФ халықаралық ұйымдармен (ФИФА, УЕФА және ұлттық ассоциациялар) байланыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалған еді.