#
#
Сейсенбі 24/09/2019

Аймағамбетов «Болашақ» бағдарламасын жетілдіруге қатысты түсінік берді

  • 17.07.2019
  • 0
  • 925

«Болашақ» бағдарламасы даму процестерін тыс қалмауы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Болашақ» бағдарламасы өте жақсы нәтиже беруде, өзінің тиімділігін көрсетті. Қазақстандықтардың көбі осы бағдарлама бойынша білім алды, бұл өз кезегінде «әлеуметтік лифт» болды. Әрине, уақыт өткен сайын бағдарламаны жетілдіріп отыру қажет. Бізге нақты тапсырма берілді. Атап айтқанда, бұл бағдарлама да эволюцияға ұшырайтыны анық. Жүктелген міндеттің аясында қажетті құжатты даярлаймыз», - деді министр.

Баспасөз мәслихатынан кейін тілшілер министрден "Болашақ" бағдарламасына енгізілетін өзгерістер жайында кеңірек айтып беруді сұрады. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметкерлердің нақты санаты бойынша шектеу болады.

"Оны өздеріңіз естідіңіздер, қандай тапсырма екенін де білесіздер. Бұл - мемлекеттік қызметтегі азаматтарға бағдарламаға қатысуға шектеу қою мәселесі. Осы мәселе бойынша тиісті құжаттар дайындалады. Сол кезде хабарын айтамыз", - деді Аймағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 15 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына қатысу талаптарын өзгертуді тапсырды.

Президент білім және ғылым, ұлттық экономика министрліктерін мысалға келтірді. Министрдің орынбасары "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу үшін қызметтен оп-оңай кете салатынын айтты. 45 жастан кейін де оқуға түскендер болған. 

Тоқаев мұндай жағдай мемлекеттік қызмет емес, абсурд екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол саяси қызметшілер оқумен жұмыстан бос уақытта айналысуы керек екенін қадап айтты. Бастысы, бұл іске мемлекет қаржысы жұмсалмауы керек деген пікір білдірді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар