04 сәу, 2020 сағат 11:44

Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«6 сәуірде басталатын IV тоқсанда мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқитыны белгілі. Министрлік қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы үздіксіз жалғастырып келеді. Бүгін сағат 15:00-де Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстваның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде ата-аналармен, ұстаздармен және мектеп директорларымен онлайн-кездесу өткізіп, сұрақтарға жауап береді», - делінген аталған министрліктің Telegram парақшасында жариялаған ақпаратта. 

Асхат Аймағамбетовтің онлайн-кездесуін министрліктің Facebook пен Instagram парақшаларынан және министрдің Instagram -дағы жеке парақшасынан көре аласыздар.