28 нау, 2018 сағат 12:19

Айгүл Орынбек: "Қазіргі ер азаматтарды ақтамаймын, оларды аяймын..."

Себебі оларды жүйе қысып тастаған. Олардың "сасық намыстары" әлсіз жандармен ғана күресуге жетеді. Бұрынғының демей-ақ қояйын, 90-жылдары Рыжий Алмаз, Космалар жезөкшелермен емес, халықты жеп отырған жемқорлармен күрескен. Байлардан алып кедейлерге таратып, қазақ қыздарының көшеге шығып кетпеуіне жағдай жасаған. Ал қәзір қалай? Көшеге шықпай өз еңбегімен өз нәпақасын тауып жүрген қыздарға да тыныштық жоқ! Әлдері тек қыздарға жетеді. "Отырсаң опақ, тұрсаң сопақсың"!

Біздің кейбір ер азаматтар үшін бәріне қыздар кінәлі! Қыздарды көшеге шығарып отырған да қазақтың жігіті, олармен жатып жүрген де қазақ жігіттері! Қыздарымызды бүкіл әлемге жария қылып сабаған жігіт заңды түрде өз жазасын алу керек. Біреудің жеке өміріне қол сұғып, ұрғаны үшін бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс ашылу керек. Ол үшін арыз керек емес, видеода жеткілікті айғақ.

Біз дамыған құқықтық мемлекетте тұрамыз. Жабайы тас ғасырына оралудың қажеті жоқ! Жезөкшелерді қолдап тұрғаным жоқ, әркім өз жазасын заңды түрде алуы керек!

Айгүл Орынбектің фэйсбуктағы жазбасынан